Алматы қаласында 32 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

/uploads/thumbnail/20180423134531900_small.jpg

 

Мұндай ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Отыншиев мәлімдеді.  

Мейіржан Батырбекұлының сөзіне сүйенсек, үшінші бағыт – халықты жұмыспен қамту көмегі арқылы еңбек нарығының дамуы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қарастырады.  

2017 жылы жұмыспен қамту шараларымен 34 708 адам қамтылды, сонымен қатар тұрақты жұмыс орнына 14 975 адам, уақытша жұмыс орнына – 5 286 адам орналасты. 

Жастарға жәрдемдесу шараларының бірі жастар іс-тәжірибесі болып келеді. Бітірген мамандығы бойынша тәжірибе жинақтау үшін жастар іс-тәжірибесіне 29 жасқа дейінгі түлектер оқу аяқтағаннан кейін 3 жыл аралығында жіберіледі. Жастар іс-тәжірибесіне орналасқан тұлғалардың жалақысы 18 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін ұлғайды, бұл – 60 125 теңге және ол бюджет қаражатынан төленеді. Сондай-ақ барлық қажетті салықтар (кіріс, зейнеткерлік, әлеуметтік салықтар) алынады.  

Одан басқа, жұмыссыздар қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі, жалақылары бюджет қаражатынан немесе жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді (ҚЖО – 2 МЗП немесе 56568 теңге, ӘЖО –1 МЗП дан кем емес немесе 28284 теңге). 

Анықтама: ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес уақытша жұмыс орнын құрған кезде тұрақты жұмыс орындарының бос орындары қолданыла алмайды.  

2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша мәселелерді талқылады. Ол жұмыспен қамтудың сапалылығына және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне жеке тоқталды.  

Алматы қ. жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды барынша қамту мақсатында, 2018 жылғы Жолдауды орындау бойынша ағымдағы жылда 2017-2021 жж. арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылады.  

Осыған байланысты 2018 жылға арналған Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту Кешенді жоспары өңделіп, бекітілді, соған сәйкес 32 мың адамды жұмыспен қамту, оның ішінде, мемлекеттік қолдау шарасымен 7760 адамды қамту жоспарланған. (әлеуметтік жұмыс орындарына – 960 адам; жастар іс-тәжірибесіне – 800 адам; қоғамдық жұмыс орнына – 2300 адам; кәсіби оқумен қамту – 3500 адам; шағын кредиттермен қамту – 150 адам; 100 АЕК-ке дейін грант беру – 50 адам).  

Сонымен бірге, 2018 жылғы Жолдаудың міндеттерінің бірі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтындағы enbek.kz атты электронды «Еңбек биржасының» кеңейтілген форматын енгізу, бұл сайтта жұмыс берушілер өздері бос жұмыс орындарын орналастыра алады, жұмыс іздеушілер өздеріне керекті жұмыс бойынша ақпарат біле алады (2017 жылда электронды еңбек биржасы көмегімен 4,4 мың адам жұмысқа орналасты, 1,1 мың адам түйіндемелерін енгізді) , - деп хабарлады басқарма басшысы Мейіржан Батырбекұлы. 

Связанные Статьи